Тараз
Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау ұйымдастырды. Жарысқа қатысқан алты команда «Таныстыру», «Жұмыс үстелі» (жұмыс барысынан көрініс), «Терминдердің қолданысы», «Мақал-мәтелдер әлемі», «Мемлекеттік тіл – тұрмыс-тіршілікте» (әзілмен) бөлімдері бойынша бақ сынады. Байқауда өрт сөндіру қызметінің «Жалын» тобы бірінші орынды иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші орын өрт сөндіруші қыздардан құралған «Тілдария» командасына бұйырса, үшінші орынға төтенше жағдайлар қызметінің «Дабыл» тобы лайық деп танылды. Сүңгуірлерден құралған «Ақжелкен» тобы «Іскер топ», әскериленген авариялық құтқару қызметінің «Алтын жебе» тобы «Өнерлі топ», жедел құтқару қызметінің «Болашақ» тобы «Сөз мерген» аталымымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Қанатбек Мәдібек қызмет бабымен Астанаға ауысты
- 30 қыркүйек, 2025
Енді Жамбылда құрастырылған тракторды тізгіндейсіз
- 25 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




