Жерді тиімді пайдаланып, мол өнімге қалай қол жеткізуге болады? Осы мәселе төңірегінде «Жаңа-Талап» шаруа қожалы-ғының картоп алқабында семинар болып өтті.
«Жаңа-Талап» шаруа қожалығы биыл 40 гектар алқапқа картоп екті. Оның тең жартысы Жаңаталап ауылына кіреберістегі жол бойында орналасқан. Мұнда өсімдіктің «Алладин», «Ромона» және «Невский» сорттары өсірілуде. Картоп алқабы жайқалып тұр. Жердің жақсы өңделгені байқалады. Мұндағы бес гектар картоп алқабы тәжірибе жүргізу үшін таңдап алынған. Тәжірибені шаруашылықпен бірге «Сингента Қазақстан» ЖШС жүргізуде. Өсімдіктерді өсіру мен қорғау мақсатында құрылған бұл фирма Голландиядан. Ол әлемнің жүздеген елінде өз серіктестіктерін ашып, жұмыс істеуде. Қазақстанның солтүстік өлкесінде жұмыс істеп келе жатқандарына да көп болыпты. Ал біздің өңірде биыл бірінші жыл. Шаруашылықпен бірлесе жасалған жұмысты көрсетіп, өз өнімдерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған семинарды «Сингента Қазақстан» ЖШС-ның аймақтағы мүлік сауда менеджері Әділ Есімов ашып, жүргізді. Алғашқы сөз «Жаңа-Талап» шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Тәжіханға берілді. Ол «Сингента Қазақстан» ЖШС-ның тыңайтқышын, гербицидтерін пайдалана отырып, картоп тұқымын дәрілеуден бастап бүгінге дейін атқарылған жұмыс барысы туралы тәптіштеп айтып берді. Серіктестіктің жұмысы, оның немен айналысатыны және мол өнім алуға кепілдік беретін тыңайтқыштар мен химиялық препараттар туралы «Сингента Қазақстан» ЖШС-ның оңтүстік өңірлік сауда-саттық басшысы Эльнард Хожа-Ахмедов пен «UKAZ» фирмасының облыстағы филиал директоры Қайсар Қазыбек жан-жақты түсінік берді. Сонымен қатар, қызығушылық танытқан шаруа қожалық жетекшілерінің сұрақтарына жауап беріп, жалпы фирманың мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы буклеттер мен журналдар таратып, алда бірлесе жұмыс жасауға әзір екендіктерін жеткізді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ, журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді