«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Прокурорларды Қазақстан мұғалімдерінің жемқорлық үшін жұмыстан шығарылуы алаңдатады

Прокурорларды Қазақстан мұғалімдерінің жемқорлық үшін жұмыстан шығарылуы алаңдатады
ашық дереккөз
Прокурорларды Қазақстан мұғалімдерінің жемқорлық үшін жұмыстан шығарылуы алаңдатады
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бірнеше жылдық тәжірибесі бар мұғалімнің жұмыстан шығарылып, жемқорлық үшін айыпталу фактісіне алаңдаушылық танытуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау өкілдері білім ордасындағы жемқорлық БАҚ өкілдерінің назарын өзіне аударып отырғанын да атап өткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қолданылған әрекеттерге арналған баспасөз мәлімдемесінде тек соңғы үш жылда Оңтүстік Қазақстанда білім беру жүйесі қызметкерлеріне қатысты 89 қылмыстық іс қозғалғандығы жазылған. Бәрі де сыбайлас жемқорлық үшін. 57 адам айыпталған. Сондай-ақ 54 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. "Ең сорақысы, бірнеше жылдық еңбек өтілі және тәжірибесі бар мұғалімдер осы аталған кінәлары үшін айыпталып немесе жұмыстан шығарылып, бұдан былай бұл салада қызмет істей алмайды", - деп жазылған баспасөз мәлімдемесінде. Бақылау ведомстволарының өкілдері жергілікті атқару органдарының құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу шараларын қолданбайтындығын да мәлімдеп отыр. "Тәжірибеде өз қарамағындағылардың жауапкершілігінен жалтару жолдарын іздестіретін де, осылай заң талаптарына мүлде бағынбайтын да басшылар кездеседі", - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қолданылатын бірқатар шараларды жариялаған.

Ақпарат көзі tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар