Атырау "мауглиі" атышулы ролик авторларын алдап соққан
Өзінің өзгеше қылығымен Ғаламторды дүрліктірген өрімдей жас "маугли" атышулы роликтің авторын "алдап соққан". Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова мәлімдеді. Оның айтуынша, бейнероликтегі төрт аяқтап жүгіріп, өзіне лақтырылған алманы тісімен алған "маугли" Атырау облысындағы мектептердің бірінде бесінші сыныпта оқиды. Оның 12 жаста және ата-анасы бар екендігін полиция анықтады.
"Ол өзінің иттерімен жақсы дос екен. Өзін видеоға түсіріп жатқанда бәрін де әдейі істеген", - дейді Мұхтарова. Әрі баланың ата-анасымен сөйлескендерін айтты. "Оның дені дұрыс бала екендігіне көршілері және туыстары кепіл болып отыр", - дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы. Мұхтарованың айтуынша, полиция "мауглидің" аты-жөнін жария етпейді, өйткені мұны оның ата-анасы қаламайды.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында видеоға "мауглидің" түсіріп алынғандығы бұған дейін белгілі болған. Бейнероликте белгісіз біреулер баланы ит сияқты шақырып, алдына алма лақтырады. Ол алманы тістеп алып, бұта арасына қайта тығылады. Айта кетейік, осы видеоның астына пікір жазушылардың кейбірі бейнежазбаны фейк деп есептеген. Өйткені бала ішкиім киіп алған.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді