Басты жаңалық
Австралия "Ислам мемлекеті" тобымен күреске 600 әскери сарбазды жібермек
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2014
- 824
Австралия "Ислам мемлекеті" тобымен күреске 600 әскери сарбазды жібермек
Австралия Ирак территориясындағы "Ислам мемлекеті" радикалды тобына қарсы әскери операцияларға дайындық үшін 600 әскери сарбазды БАӘ жібермек. Бұл туралы елдің премьер-министрі Тони Эббот мәлімдеді. Оның айтуынша "Ислам мемлекеті" тобына қарсы күреске 600 әскери сарбаз жіберіледі. Әскер құрамында 8 палубалы жойғыш-бомбалаушылар, "Супер Хорнет" шабуылшылары, радиобақылаумен жабдықталған ұшақ, басқа да ұшақтар мен арнайы құрылған әскери топ бар.
Эботтың айтуынша, Австралияның бұл әрекеттері адамгершілікке негізделген. Олардың мақсаты Ирактағы миллиондаған қарапайым тұрғындарды зорлық-зобылықтан қорғау. "Сонымен қатар Австралия "Ислам мемлекеті" тобы мүшелерінің әрекеттерін тоқтату үшін халықаралық операцияларға қатысуға да дайын. Өйткені ИМ тобы тек Иракқа ғана емес, бүкіл Таяу шығыс елдеріне де, тіпті Австралияға қауіп төндіріп отыр", дейді австралиялық премьер.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Ислам мемлекеті" тобы тудырған террористік қауіпке қарсы 10 араб мемлекетінен коалиция құрылғаны белгілі болған еді. Сондай-ақ АҚШ президенті Барак Обама Ирактағы және Сириядағы ИМ тобының мүшелеріне әуеден соққы жасауға әзір екендіктерін айтқан болатын. Сонымен Ақ үй басшысы өздерінің Иракқа тек гуманитарлық көмек жасаумен, құрлықтағы әрекеттермен шектелмейтіндерін айтты.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




