«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Лавров: Астананың Ресей эмбаргосына қосылмауға хақы бар

Лавров: Астананың Ресей эмбаргосына қосылмауға хақы бар
ашық дереккөз
Лавров: Астананың Ресей эмбаргосына қосылмауға хақы бар

Ресейдің батыс елдерінен азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға эмбарго қоюына Қазақстан мен Беларусьтің қосылмауы - олардың өз хақы деп мәлімдеген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Агенттік тілшісі Украина дағдарысы жайлы алған сұхбатында Лавровтан Кеден Одағына мүше Қазақстан мен Беларусьтің эмбаргоға қосылмауы жайын да сұраған. Лавров “Олар санкцияларға қосылмайтынын, бірақ өз территорияларының Ресей енгізген нормаларды бұзу үшін пайдаланылуына жол бермейтінін мәлімдеді. Жаңа альянстардың бұрынғысынан ерекшелігі де осы. Қазіргі заманғы одақтар икемді болуы тиіс” деген. Ресей сыртқы істер министрі бұған қоса “қырғи-қабақ соғыс” кезеңіндегі одақ түрлерінің қазір өміршеңдігін жоғалтқанын да айтқан. “Бізде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ), өзіміздің әскери-саяси блогымыз бар. Бірақ онда қатаң тәртіп жоқ. ҰҚШҰ мүшелері Ресей ұсынысына қолдау білдіре де, қарсылық таныта да алады” деген Сергей Лавров. Батыс елдері тамыздың басында Мәскеудің Украинадағы саясатына қарсылық ретінде қаржы, экономикалық санкцияларын күшейткен. Бұған жауап ретінде Ресей батыс елдерінен азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салған. Қазақстан мен Беларусь батыстың санкциялары мен оған Мәскеудің жауап шаралары Ресей нарығына өз өнімін өткізуге мүмкіндік ашады деп санайды.

Ұқсас жаңалықтар