Кәсіпкерліктегі әйелдер үлесі артады
Республика Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің Іскер әйелдер ассоциациясының президенті Раушан Сәрсенбаева республикамызда мемлекет тарапынан әйел-кәсіпкерлердің ісіне кең көлемде қолдау көрсетілетіндігін атап айтты. «Қоғамымызда, әсіресе, ауылдық жерлерде әйелдердің экономикалық ортасын қалыптастыруға және оның статусын көтеруге басымдық берілуі қажет. Біздің жұмысымыз, міне, осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс», — деді ол. Раушан Сәрсенбаева брифингке жиналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдау көрсетуімен Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы жүзеге асырғалы отырған еліміздегі әйелдер қауымы арасында жүргізілетін ақпараттық-насихаттық жұмыстар бойынша жаңа жобаның мән-жайымен таныстырды. Жобаның республикадағы әйелдердің құқықтық-еңбек саласындағы құқықтарын қорғау туралы хабардар болу деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіндігін, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде үш аймақтан «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасына қатысып, жеке істерін ашқан 50 әйелдің даярланатындығын жеткізді.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді
- 16 қыркүйек, 2024
Жобаның жақсылығын көрген жандар көп
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді