Астанада Азия нейрохирургтері конгресі өтті
- author «Ақ жол»
- 13 қыркүйек, 2014
- 651
Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы тікелей Елбасы тапсырмасымен ашылғаны белгілі. Бүгінде орталық бұған дейін Орта Азия мемлекеттерінің ешқайсысында қолданылмаған қырықтан астам жаңа медициналық қондырғылармен жарақтандырылған. Осы салада қазақстандық мамандардың аз-ақ жылда зор табыстарға қол жеткізуі Астанада Азия нейрохирургтерінің Х конгресі өткізілуіне негіз болып отыр. Конгресс жұмысына 50-ден астам жақын және алыс шетел мемлекеттерінен жетекші нейрохирургтер қатысып, тәжірибелерін ортаға салды.
Бұл туралы кеше Орталық телекоммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Серік Ақшолақов баян етті. Оның айтуынша, Азия мейірбикелерінің үшінші конгресі де осы басқосу аясында өткізілген. Азия, Еуропа, Америка құрлықтарынан келген жетекші нейрохирургтердің шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, бұдан тыс түрлі ми сырқаттарының алдын алу және емдеу жолдары жөнінде 300-дей баяндама жасалуы медицинаның жалпы Азия елдерінде енді-енді ғана қолға алынып жатқан осы саласының дамуына жаңа серпіліс береді деп күтілуде. Бүкіләлемдік нейрохирургтер ұйымдары федерациясының өкілдері Питер Блэк, Александр Коновалов, тағы басқалары еліміздегі нейрохирургия халықаралық деңгейге көтерілгенін, қазақстандық дәрігерлер тәжірибесі өздерінің қызығушылықтарын туғызып отырғанын атап өтіп, бұған дейін белгісіз болып келген, өмірімізге компьютерлік технологиялардың енуімен байланысты көбейе түскен ми сырқаттарының зерттелініп, емдеу жолдары қарастырылуы тұрғысындағы журналистер сауалдарына жан-жақты жауаптар берді.
Баймаханбет АХМЕТ,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




