Доминиканда ұшақ жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Доминикан Республикасында 10 қыркүйекте американдық компанияның қарамағындағы қос моторлы ұшағы жоғалып кетті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Азаматтық авиация қызметінің ақпаратынша, ұшақ Санто-Домингодан елдің шығысындағы Пунто-Кана қаласына бағыт алған. Елордалық Лас-Америкас әуежайынан ұшқан соң диспетчерлік қызмет пен әуе кемесі арасындағы байланыс үзілген. Ұшақ бағыт алған қаласына дейін жетпеген.
Ұшақтың Делавэр штатындағы Довер қаласындағы компанияға тиесілі екені белгілі болды. Ел билігі ұшақты іздестіру жұмыстарына кірісті. Ұшақ бортында қанша адам болғаны әзірге белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




