Қырғызстанда Жерді ғарыштан бақылау мәселелері бойынша симпозиум өтуде
- author «Ақ жол»
- 12 қыркүйек, 2014
- 225
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Жерді ғарыштан бақылау мәселелері бойынша «Феникс» ІІ халықаралық симпозиумына қатысу үшін әлемнің 15 елінің өкілдері Ыстықкөл көлінің жағалауына жиналды.
Симпозиумның басты мақсаты - Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі бар елдердің мүмкіндіктерін біріктіру.
Айта кетейік, мұндай алғашқы симпозиум 2012 жылы Қашғар қаласында Қытайдың Жерді қашықтықтан зондтау және сандық Жер институтының бастамасымен және ұйымдастыруымен өткен. Келесі кездесуді Қырғызстанда өткізу шешімі сол кезде қабылданған еді. «Бұл кездесу ғарыш технологиялары саласындағы тәжірибелермен, біліммен алмасу мүмкіндігін беріп, Жерді қашықтықтан зондтаудың қазіргі кездегі маңызы мен рөлін тағы бір сатыға көтереді», - деп санайды Қытайдың Жерді қашықтықтан зондтау және сандық Жер институтының бас директоры, профессор Хуадонг Гуо. ISEO-2014 жұмысына «Қазғарыштың» екі кәсіпорнының өкілдері - «Қазақстан Ғарыш Cапары» ҰК» АҚ және «Ғарыштық зерттеулер мен технологияларының ұлттық орталығы» АҚ қатысты. Олар қатысушылар алдында Жер мониторингі бойынша ғылыми баяндамаларын оқыды. Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің таныстырылымы симпозиумға қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды. Осы тұрғыдан «Қазақстан Ғарыш Cапары» ҰК» АҚ вице-президенті Бағлан Қазиев барлық тараптарды «Қазғарышпен» екіжақты тиімді ынтымақтастыққа шақырды. «Қазақстан ғарыш саласын қарқынды түрде дамытып жатыр. Бұл Орталық Азия елдеріне үлгі болуы тиіс», - деп атап өтті ISEO-2014 төрағасы Қ.Жұмалиев. Бұл симпозиум аяқталған соң қырғыз елі «Феникс» бағдарламасының эстафетасын Жерді ғарыштан бақылау бойынша ғылыми-ғарыштық форумды өткізетін келесі елге тапсырады.
Ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді