- Advertisement -

Деревянченко әлем чемпионы атағына таласуы мүмкін

54

- Advertisement -

Орта салмақ дәрежесіндегі мықты боксшылардың бірі, украиналық Сергей Деревянченко кезекті мәрте әлем чемпионы атағына таласуы ықтимал. Бұған дейін ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына екі рет үміткер болған. Бірінші шайқасында америкалық Дэниел Джейкобсқа төрешілердің екіұшты шешімімен жеңілсе, екінші кездесуде қазақстандық Геннадий Головкиннен төрешілердің біржақты шешімімен ұтылған болатын.
«Сергей Деревянченко үшінші рет чемпиондық атаққа үміткер болуы мүмкін» деген ақпаратты спорт сарапшысы Майк Копинджер таратып отыр. Ол келтірген деректерге қарасақ, Деревянченконың командасы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарлоның командасымен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Копинджер екі тарап келіссөзді толық аяқтау сатысына жақындап қалғанын айтады.
Ілгеріде бірінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып келген америкалық Джермалл Чарло орта салмаққа ауысқалы шын мәніндегі мықты боксшымен қолғап түйістірмегені белгілі. Ал Сергей Деревянченко орта салмақтағы үздіктердің қатарына кіретіні сөзсіз. Ол Джейкобсқа қарсы өткен шайқаста да, Головкинге қарсы жекпе-жегінде де өзінің шын шебер екенін көрсетіп, соңына дейін барын салып бақты. Бір сөзбен айтқанда кәсіпқой бокс әлемінің мықтылары Деревянченконың үздік боксшылардың бірі екенін мойындаған болатын. Сол тұрғыдан келгенде Копинджердің мәліметі шындыққа жанасатын секілді. Чарло Сергейді жеңу арқылы өз әлеуетін көрсетуге тырысса, Деревянченко көптен күткен әлем чемпионы атағын иеленуге тырысады.
Украиналық боксшы кезінде қазақстандық «Астана Арландары» командасының намысын қорғаған болатын. Сондықтан оны қазақстандық жанкүйерлер жақсы таниды. Сергей Головкинмен қарымта шайқас өткізгісі келетінін сан рет айтқан. Кім біледі, егер ол чемпион боп жатса, Гена екінші жекпе-жекке келісім беруі де мүмкін ғой.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support