- Advertisement -

Жұмағұлов дебюттік жекпе-жекте жеңілді

57

- Advertisement -

Аралас жекпе-жектен әлемнің ең беделді ұйымы UFC-де дебюттік шайқасын өткізуге мүмкіндік алған қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов бразилиялық оғлан Раулиан Пайваға қарсы сегізбұрышқа шықты. Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі кездесу жоспарланған үш раундқа созылды.
Бірінші раундтың бастапқы бөлігінде бразилиялықтың басымдығы байқалды. Алайда кезең ортасынан ауған шақта Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек тізгінін қолға алып, өзінің осал еместігін байқата білді. Мұндай шайқастарда раунд соңында басым болған спортшылар ұпай саны бойынша есепте алда тұратын.
Екінші раундты Жалғас ойдағыдай бастады. Қарсыласына қарағанда белсенді болғаны сөзсіз. Раундтың соңын да ойдағыдай аяқтады. Тіпті әдемі тейкдаун да жасап үлгерді. Бұл кезеңде Жалғастың басым болғанына ешкім күмән келтірмесі анық. Өйткені ол барын салып бақты.
Үшінші раундта екі спортшы да аянып қалған жоқ. Алайда бразилиялық аралас жекпе-жек шебері рұхсат етілмеген соққы жұмсап үлгерді. Аз ғана үзілістен кейін Жалғас қайтадан белсенді түрде іске көшті. Тағы да тейкдаун жасап кетті. Алайда төрешілер шешімі жанкүйерлерді таң қалдырды. Олар 29:28 есебімен бразилиялық жеңіске жетті деген шешім шығарды.
Төрешілердің осы бір шешімі жанкүйерлердің де, сарапшылардың да тарапынан түсінбеушілік туындатты. Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың басым бөлігі қазақстандық спортшының жеңіске жеткенін айтып жатты.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов та отандасымыздың жеңіске жеткеніне сенімді. «Біздің бәріміз Жалғас жеңіске жетті деген пікірдеміз. Бразилиялық спортшы бірінші нөмірмен жұмыс істегісі келді. Алайда Жалғас дәлдік жағынан басым түсті. Жеңісті бразилиялыққа тек қана белсенді болуға тырысқаны үшін берген шығар», – дейді ол.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support