Ұлттық банк теңге бағамының ең төменгі шегін белгіледі
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2014
- 847
Қазақстан ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының ең төменгі шегін белгіледі. Бұл жайында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, енді теңгенің долларға шаққандағы бағамы 170-тен 188 теңгеге дейін өзгереді. Теңге бағамының күшею мүмкіндігін Қ.Келімбетов елдің алтын-валюта қорының өсуімен және төлем балансының оң көрсеткішімен байланыстырады. Теңгенің долларға шаққандағы ең төменгі бағамын өзгерту шешімі өткен аптада талқыланған. 11 ақпанда Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы жаңа бағамын 185 теңге шегінде белгілеген еді. Банк теңгені құнсыздандыру «әлемдік қаржы нарығы мен тауар нарығындағы күрделі жағдайдан, Ресей рублінің құнының түсуінен туындады» деп түсіндірген. Девальвация болғалы бері теңгенің долларға шаққандағы бағамы 182-183 теңге шамасында тұрақтады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




