Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөз
Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды Алмас Сәдубаев 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған. 2005-2008 жылдары жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры болған. 2008-2010 жылдары республикалық басылым «Заң» газеті және журналының бас редакторы қызметін атқарған. 2010 жылы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының баспасөз хатшысы болған. 2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы қызметінде болған. 2011-2015 жылдары «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры болып, 2015 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Ұқсас жаңалықтар