Әлеумет
Алматыда 9 мыңнан астам ПТР-тестіні заңсыз сатқандар ұсталды
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2020
- 120
![Алматыда 9 мыңнан астам ПТР-тестіні заңсыз сатқандар ұсталды](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2020/07/200708110523a3670283d.jpg)
Алматыда 9 мыңнан астам ПТР-тестіні заңсыз сатқандар ұсталды
![Алматыда 9 мыңнан астам ПТР-тестіні заңсыз сатқандар ұсталды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/08/200708110523a3670283d.jpg)
Аталмыш комитеттің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Полиция департаменті және МКД қызметкерлерімен бірге 7 шілде күні жедел-іздестіру шараларын өткізіп, коронавирусқа ПТР-тестілерді сатқан адамдарды ұстаған. Оларда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат құжаттары болмаған.
«Ұсталған тұлғалар жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестіні заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен ҚХР өндірілген тағы 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігіне (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен барлық өңірде дәрі-дәрмектердің бағасын қымбаттату фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізілуде. Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді