«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Ақ жол» газеті жас таланттарды танытып жатыр

«Ақ жол»  газеті жас таланттарды танытып жатыр
ашық дереккөз
«Ақ жол» газеті жас таланттарды танытып жатыр

Жалпы, қай басылым болмасын, әдебиетке, мәдениетке баса назар аударғанын құп көремін. Өйткені, руханиятсыз ел, ел емес. Өз басым облыстық «Ақ жол» газетін тұрақты оқимын. Қара шаңырақ саналатын бұл газетте соңғы кездері оңды өзгерістер байқала бастады. Әсіресе, әдебиетке, мәдениетке деген көзқарас өзгерген секілді. Мұны атап өтпеуге болмас. Шыны керек, кезінде өзіміз әдеби ортаны аңсап, іздеп жүретінбіз. Әсіресе, жастар жағы сол ортаға асық болады. Бүгінгі таңда облысымызда талантты жас ақындар баршылық. Олардың жазған өлеңдерін «Ақ жол» арқылы оқып, аяқ алыстарына тәнті болып жүрмін. Жастар әрдайым қолдауды сезінуі керек. Бұл тұрғыдан алған кезде кейінгі бірнеше айдың бедерінде аға басылым сол үдеден шығып жүр. Жас жазушылар мен ақындардың шығармаларын тұрақты беріп тұру арқылы басылым оларды қанаттандырады. Егер олардың ішіндегі таланттыларының, талаптыларының жазған дүниелерін редакция қызметкерлері жаратпай, кері ысырса, ол жас өрен қолын бір сілтей салуы мүмкін. Сондықтан кей басылымдар секілді жазған туындысының әдеби қуаты жоқ, нәрі таусылған дүниелерін жарты, бір бет қылып басылым бетіне шығарғаннан гөрі, болашағынан үлкен үміт күттіретін таланттарды елге танытқанымыз тиімді. Бүгінгі «Ақ жол» газеті сол үдеден шығып келеді. Мені де қуантатыны сол. Басылымға алған бағыттарынан таймасын деген тілек білдіремін. Жас таланттардың шығармаларымен «Ақ жол» газеті арқылы тұрақты танысып отыру үшін келесі жылы да осы газетке қуана-қуана жазылатын боламын.

Қуандық Шолақ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Ұқсас жаңалықтар