Білім және ғылым министрлігінде Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің төрайымы Зәбира Оразалиеваның айтуынша, соңғы бес жылда еліміздегі жетім балалардың жалпы саны 8 812 адамға, ал балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің саны 5 237 адамға қысқарған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. З.Оразалиева елімізде кәмелетке толмағандардың, оның ішінде әлеуметтік жағынан барынша аз қорғалған санатқа жататын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-дың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңдық негіз құрылғанын айтады. Мәліметке сүйенсек, республикада 33 мың 680 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қал-ған бала бар. Олардың 21 856-сы отбасылардың қорғаншылығында болса, 1 947-сі патронаттық тәрбиеде екен. «Республикада жетім балаларға арналған 188 ұйым бар. Оның ішінде 2095 баласы бар 43 ұйым денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде. Ал құрамында 7784 бала бар 145 ұйым білім беру жүйесіне қарайды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғамда өз орнын тауып, отбасында жақындарымен өмір сүруге бейімделуі үшін отбасы үлгісіндегі балалар үйі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары желісін дамытуға баса назар аударылуда», - дейді комитет төрайымы. Жетімін жылатпаған елміз. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың арқасында қазір елімізде отбасы үлгісіндегі 16 балалар үйі және 11 балалар ауылы пайда болды. Жетім балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы түрлері де енгізілуде.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




