- Advertisement -

ақылшы ене, инабатты келін

91

- Advertisement -

Қазақ халқында ұлттық тәрбиенің маңызы ерекше. Келіндер үшін енелердің тәрбиесі үлкен өнеге мектебі болған. Осы үрдісті қазір де жаңғыртсақ, ұтарымыз көп. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елорда күніне және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 игі іс» жобасы аясында Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов саябағында «Ақылшы ене, инабатты келін» атты облыстық байқау өткізілді.

Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан бірнеше жұп үміткер қатысып, ережеге сәйкес қатысушылар «Сәлем – сөздің анасы», «Білгенге маржан», «Қолөнер – халық қазынасы», «Қиын түйін» деп аталатын төрт кезең бойынша сайысқа түсті. Байқау қазіргі карантин талаптарына сай, сақтық шараларын ескере отырып өткізілді. Ал қазылар құрамында «Жамбыл облысы іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Меруерт Лештаева, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасы меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанат Сарыбекова, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали, облыстық «Ақ жол» газетінің саясат және құқық бөлімінің редакторы Маржан Рақай ене мен келін ынтымағын әділ бағалады. Қатысушылар аянып қалмай, топтан озу үшін барлық өнерлері мен қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Т.Рысқұлов ауданынан Байқұловтар отбасы иеленді. Ал жүлделі І орынға Сарысу ауданынан Апетовтар жанұясы лайық деп танылса, ІІ орынды Тараз қаласынан Кенжеғалилар отбасына берілді. Жүлделі ІІІ орын Байзақ ауданынан Игіліковтер жанұясына бұйырды. Сонымен қатар Меркі ауданынан қатысқан Айзада Қарабаева «Қамқор ене», Жанерке Мұхамеджанова «Зерделі келін» аталымдары бойынша марапатталды. Байқауды «Жамбыл облысы іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Меруерт Лештаева және облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев қорытындылап, жеңімпаз және жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support