- Advertisement -

Қазақстанның мақтанышы, мерейі, мәртебесі

273

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана – халқымыздың мақтанышы, ел тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны.
ҚР-ның Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы да парасатты саясатының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Еліміздің бас қаласы Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктің саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айнала түсті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт Көшбасшысының саясатының сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, еліміздің халықаралық беделін нығайту жолында жемісті жұмысын жалғастыруда.
Бүгінде гүлденген, еңсесі биік, мәртебесі жоғары Елордамыз жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның мақтанышы, мерейі, мәртебесі болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласы көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағына тірек, достығы мен татулығына кепіл болып отыр.
Астанамыздың дамуы өзге қалаларына да серпін беріп, сенімділік ұялатты, десек киелі Әулиеата өңірінің күн санап көркейіп, шырайы артып келе жатқандығы соның дәлелі.
Құрметті жерлестер!
Біздің алдымызда орындалуы тиіс үлкен жоспарлар мен жобалар күтіп тұр. Ол үшін әрқайсымыз ортақ Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еліміз бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында өркендеп, бірлігіміз нығая берсін!
Бердібек Сапарбаев,
облыс әкімі.

Бағлан Қарашолақов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support