Әлеумет
Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2020
- 305
![Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2020/07/200703090813356a3668674i.jpg)
Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды
![Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/03/200703090813356a3668674i.jpg)
Министрліктің мәліметінше, әр дәрі-дәрмектің бірнеше атауы болады. Оның ішінде халықаралық патенттелмеген атауы, химиялық және коммерциялық атауы бар. Халықаралық атауын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекітсе, химиялық атауы күрделі, айтуға ауыр болуы мүмкін.
Ал енді сатылымға шыққан кезде фармкомпаниялар дәрінің атауын өз қалауынша қоя береді. Мысалы цефтриаксон - препараттың халықаралық патенттелмеген атауы, ал оны компаниялар саудаға шығарған кезде Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабел және басқа атаулармен сата береді. Бірақ барлығының құрамында цефтриаксон бар. Сондай-ақ азитромицин дәрісінің де Азитромицин Сандоз ® , Азитрус, Зитмак секілді түрлері баршылық.
Қазақстанның дәрі-дәрмек мемлекеттік реестрінде дене қызуын түсіретін парацетамол халықаралық патенттелмеген атауымен 86 дәрі тіркелген. Оның ішінде отандық препарат та, шетелде өндірілгені де аз емес.
Сонымен қатар, антибактериялық - 108, вирусқа қарсы - 29 түрлі дәрі бар. Оның тізімі төменде келтірілген. ![](https://www.inform.kz/radmin/fotofiles/2020/07/03/2007030850049431g.jpg)
![](https://www.inform.kz/radmin/fotofiles/2020/07/03/2007030850027521g.jpg)
![](https://www.inform.kz/radmin/fotofiles/2020/07/03/2007030850009805g.jpg)
![](https://www.inform.kz/radmin/fotofiles/2020/07/03/2007030849570091g.jpg)
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді