«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Он сегіз отбасыға асарлатып үй салынады

Он сегіз отбасыға  асарлатып үй салынады
ашық дереккөз
Он сегіз отбасыға асарлатып үй салынады

Кеше облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Онда алдымен «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты аясында атқарылған шаруалар талқыланды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков баяндама жасады. Оның айтуынша, бағдарлама бойынша биыл 3 346 адамға қайтарымсыз грант беруге 1773,8 млн теңге қаралса, бүгінде 310 адам 168,9 млн теңге қаражатты иеленген. Ал қазіргі өтіп жатқан ҰБТ барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова әңгімеледі. Білім сынағы барлық талаптарға сай атқарылуда. Халықты ақпараттандыру жұмыстары жайында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев айтып берді. «Төтенше жағдай кезеңінде тұрғындардың барынша оқшаулану қажеттігіне баса назар аударылып, #Үйде бол үндеуі негізгі идеологияға айналса, қазіргі кезеңде тұрғындар қоғамдық орындарда гигиеналық шараларды, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жағдайында #Жақыныңа жанашыр бол үндеуімен өмір сүруге бейімделуде. Төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, баспа басылымдарда 2859 материал, интернет-ресурстарда 2635 материал жарияланды. Республикалық телерналарда 96 сюжет, облыстық телеарналарда 484 сюжет көрсетілді», – деді ол. Басқосуда өңірде «Аралатып үй салу» жорбасының жүзеге асырылуы да сөз болды. «Рухани жаңғыру» офисінің жетекшісі Зарина Қуатованың сөзіне қарағанда, асарлату кезінде әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға баспана тұрғызылып беріледі. Жоба негізінен аудан жастары мен еріктілердің күшімен және тұрғылықты тұрғындардың қолдауымен атқарылатын болады. Мәселен, Байзақ ауданы аумағындағы 18 ауылдық округте 2020-2021 жылдар аралығында өте мұқтаж 18 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қазір асар Мәдімар ауылында нақты жұмыстар басталды. Округ әкімінің шешімімен 15 соттық жер телімі бөлініп, 4 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана – Ғалия Құрмановаға 4 бөлмелі үй салынуда.

Ұқсас жаңалықтар