Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Медицина қызметкері күнімен құттықтады
ашық дереккөз
Медицина қызметкері күнімен құттықтады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің денсау­лық сақтау саласының өкілдерін Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі. Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан құттық­тауды өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялады. «Мәжіліс депутаттары атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құт­тық­таймын! Бүгін өзім аурухана­да ем қабылдап жатқанда, дәрігерлер мен медбикелердің індетпен күрес­кеніне куә болдым. Сіздер­дің еңбектеріңізді бағалай­мыз! Баршаңызға зор денсау­лық және амандық тілеймін!»  деп жазды Мәжіліс Төрағасы. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Медицина қызметкерінің күні бүгінгі таңда нағыз жалпы­халықтық мерекеге айналды. Әрбір дәрігердің халықтың денсау­лығын қорғау жолындағы қосқан үлестері орасан зор. Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстан­дық­тардың дендеріне саулық және амандық тіледі.

egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар