- Advertisement -

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

32

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 18 маусымы күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 29 жағдайы тіркелді.

Тараз қаласының 2-76 жас аралығындағы тұрғындар арасында 24 оқиға, оның төртеуі байланыста болған тұлғалар арасынан анықталды.

Байзақ, Жуалы, Шу аудандарының 1973, 1969, 1968 жылдары туған тұрғындарынан және Т. Рысқұлов ауданының 1989, 2001 жылдары туған тұрғындарынан да аталған дерт расталған. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан келген.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 18 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның барлығы 553 жағдайы расталған.

Сондай-ақ, өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 31 симптомсыз тасымалдаушы анықталды. Өңірде барлығы ауру белгілері жоқ 146 тасымалдаушы тіркелген.

Ауырған адамдардың 349-ы сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support