- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев бейнеселекторлық режимде кеңес өткізді

33

- Advertisement -

Сейсенбі, 16 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бейнеконференция режимінде жиын өткізді. Басқосу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, жиында аймақ басшысының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалардың жай-күйі туралы баяндады. Талқылаудың негізгі тақырыбы — коронавируспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және өңірдегі карантиндік шараларды сақтау.

Күн тәртібінде дағдарысқа қарсы шаралардың тиімді жүзеге асырылуы, соның ішінде инфрақұрылым, газбен және сумен жабдықтауды дамыту, «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл — ел бесігі», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларына енген аймақтағы елді мекендерді абаттандыру жобалары және өзге де мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, отырыста дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтірудің алгоритмі, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ауыл тұрғындарының кірісін арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру және басқа да өзекті шаруалар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support