ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің 2020 жылғы 12-13 маусымдағы Жамбыл облысына жұмыс сапары

13

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин вакцина өндіретін биофармацевтикалық зауыт құрылысын бастап берді

Кәсіпорын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жанынан құрылады

Кәсіпорында жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн-ға дейін дозасы өндірілетін болады

Зауыт иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер мен вакциналар шығаратын болады

Биофармацевтикалық зауыттың құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделген

Үкімет басшысы биылғы ақпан айында Масанчи ауылында ТЖ салдарынан зақым келген тұрғын үй және коммерциялық объектілерді қалпына келтіру барысымен танысты

Тұрғын үйлерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 1 тамызға дейін, коммерциялық нысандардағы жұмыстарды осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған

А. Мамин Қаракемер ауылындағы денсаулық сақтау, спорт және тұрғын үй инфрақұрылымы нысандарының құрылыс алаңдарын аралады

Екі пәтерлі жеке тұрғын үйлердің құрылысы Қаракемер ауылындағы жас мамандар мен кезекте тұрғандарға арналған

Қаракемер ауылында жалпы сомасы 224 млн теңгеге барлығы 20 екі пәтерлі үй салынады

Премьер-Министр Сортөбе ауылындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабын аралады

Үкімет басшысы «Гринвилл» ЖШС жылыжай кешеніне барды

«Гринвилл» ЖШС кешені 2015 жылы құрылған және «аквопоника» технологиясы бойынша салат жапырағын өсірумен айналысады

«Гринвилл» ЖШС 1 гектардан 1,3 млрд теңге тұратын 4 жылыжай салынған, сондай-ақ корей технологиясы бойынша қызанақ пен қияр өсірілуде

Үкімет басшысы «Қордай – Шу» автоматты газ тарату станциясының құрылысын тексерді

А. Мамин Қордай ауылындағы шекаралық өткелдің реконструкциялау жұмысымен танысты

Премьер-Министр Тараз қаласында Облыстық онкологиялық диспансердің құрылыс алаңында болды

Облыстық онкологиялық диспансер 200 төсек орнына шақталған

Үкімет басшысы Тараз қаласындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы 15 шағын аудан құрылысының барысымен танысты

Тараз қаласындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы 15 шағын аудан құрылысының жоспары

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

1025 оқушы орнына арналған «ARAI-ELITE» жалпы білім беретін жеке мектеп-гимназиясының құрылысы

А. Мамин «Энерджи-Тараз» электротехникалық бұйымдар және кабельдік-өткізгіш өнімдер зауытында болды

«Арайстроймаркет-2003» радиатор зауыты

Үкімет басшысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы «Super-pharm» ЖШС-де болды

«Super-Pharm» ЖШС медициналық киім шығарумен айналысады

А. Маминге жылына 61 млн-нан 191 млн-ға дейін медициналық бұйымдарды өндіру көлемін арттыру жоспары ұсынылды

Премьер-Министр «Тараз қаласынан Қырғызстан шекарасына дейінгі оңтүстік айналма жолы» автожолының құрылыс барысын тексерді

Үкімет басшысы «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысымен және пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты

«Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы кооперативінің пилоттық жобасы

Фермерлер дәнді дақылдарды өсіріп, гидропоника жабдықтары арқылы құнарлы жем ала бастады

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен жабдықтау үшін 192 бірлік техника сатып алынды

 

Comments are closed.