Электронды үкіметтің бірқатар жобасы уақытша істемейді

Электронды үкіметтің бірқатар жобасы уақытша істемейді
ашық дереккөз
Электронды үкіметтің бірқатар жобасы уақытша істемейді
Бірнеше жоба жаңартылып жатыр Электронды үкіметтің бірқатар жобалары жаңартылатындықтан, уақытша істемейді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясына сілтеме жасап.
«Жобалар бойынша жаңартулардың өткізілуіне байланысты бүгінгі сағат 21:00-ден бастап келесі күнгі сағат 07:00-ге дейін төмендегі жобалардың қол жетімсіз/қысқа мерзімді қол жетімсіз болуы мүмкін екендігін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Олардың қатарында төмендегілер бар: 1) ЭҮШ (Электрондық үкіметтің шлюзі); 2) Жеке тұлғалар МДБ; 3) Заңды тұлғалар МДБ; 4) Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі; 5) «Е-нотариат»; 6) Мобильді үкімет; 7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО); 8)Электронды үкімет порталы; 9) «Монополист» базасы СБӨ; 10) «Тахограф» СБӨ; 11) «Кәсіпкерлер субъектілерінің реестрі» СБӨ; 12) Үкіметтік емес ұйымдар ДБ СБӨ; 13) Ақпарат жинауға арналған робот СБӨ.
 

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар