«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда қоғамдық көлік жұмысы қайта жандана бастайды

Таразда қоғамдық көлік жұмысы қайта жандана бастайды
ашық дереккөз
Таразда қоғамдық көлік жұмысы қайта жандана бастайды

Жақын күндері Таразда қоғамдық көліктің қызметін қайта жандандыру жоспарлануда. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады. Ол үшін тасымалдаушы компаниялар маршруттық автобустар мен парктерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруі керек. Осыдан кейін ғана автопарктер өз қызметін қайта бастауға рұқсат ала алады. Атап айтқанда, автобус салонына медициналық бетперде киген жолаушылар ғана кіре алады, жолаушылардың арақашықтығы кемінде 1 метр болуы керек. Салонның толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс. Автопарктер әкімшілігі персоналға жеке қорғану құралдарын пайдалану бойынша нұсқау беруді, дене қызуын өлшеу бойынша күнделікті медициналық тексеруді ұйымдастыруы қажет. Жіті респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді Сондай-ақ, маршруттың аяқталуы бойынша аялдау кезінде көлік құралдарының салондарын барынша желдету, дезинфекциялық сүлгілермен немесе ерітінділерімен терезе, есік тұтқаларын, орындықтарды сүрту керек. Ауысым аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік міндетті түрде дезинфекциялаудан өтуі тиіс. Аялдама кешендерін, автопарктерді өңдеу күніне кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс. Арнайы мониторингтік топтар осы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар