Бүгінгі таңда облысымызда көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Дегенмен ол жобаларды жүзеге асыру барысында кәсіпкерлердің бірқатар қиындықтарға тап келіп, ол мәселемен билікке көмек сұрап қайырылып жататындығы белгілі. Осыған орай облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен инвестициялық сағат отырысында басқарма басшысы Данияр Жаманқұлов кәсіпкерлер көтерген мәселелердің оң шешім табуына ықпал етті. Байзақ ауданындағы «AлельАгро» акционерлік қоғамының өкілі жер мәселесін көтере келіпті. Кәсіпкер жылына 135 мың тонна құс етін өндіретін зауыт құрлысын салуда. Инвесторлармен қаржыландырылған жобаның жалпы құны 68,6 миллиард теңгені құрайды. Акционерлік қоғам бұл жобаны жүзеге асыру үшін 100 гектар жер телімін сұрап отыр. Қазіргі таңда бұл жобаның дайындық және жобалау жұмыстары жүргзілуде. Жобаны жүзеге асыру мерзімі үш жыл. Яғни 2023 жылы жоба толық қуатында іске қосылғанда 1 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Акционерлік қоғамның қаржы маманы Игілік Ибрагимовтің айтуынша, сұраған жер телімі берілсе биыл құрлыс жұмыстарын бастап кетпек. Биылдың өзінде бірнеше жүз адамды жобаның құрылысына тартпақ. Алғашқы жылы 45 мың тонна құс етін дайындауды жоспарлауда. Осылайша жылда жоспарды арттырып, тиісті межеге жетуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Жиынға қатысқан Байзақ ауданы әкімідігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Жарқын Тамаев кәсіпкер сұраған жер телімінің 25,7 гектары анықталып, құс фабрикасын салуға беріліп отырғанын жеткізді. Алда басқа да жерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұдан бөлек, ол жиында «Империя» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәселесі де оң шешімін тапқан еді. Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында серіктестік Тараз қаласында балмұздақ зауытын салуда. Бүгінде зауыт құрлысы аяқталуға жақын. Жобаның құны 800 миллион теңгені құрайды. 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Зауыттың жылдық қуаттылығы 200 тонна. Оған қажетті құрал-жабдықтар толық алынған. Серіктестік директоры Рахат Әшимов басқармадан балмұздақ цехтарын іске қосу үшін электр желілеріне қосылуға көмек көрсетуін сұрай келіпті. Бұл мәселені шешу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрлым (электр желілерін) жүргізу үшін Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен жасалған келісөздер барысында шешім тапты. Инвестиция сағатында кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер оң шешімін тауып, оның бұдан ары қарай да бақылауда болатындығын басқарма басшысы Данияр Жаманқұлов атап өтіп, жиынды қорытындылады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді