COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы
ашық дереккөз
COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның 7 жағдайы тіркелді. Облыс орталығының 1977, 1996, 1962, 1995 жылдары туған төрт тұрғыны инфекция анықталды. Олардың үшеуі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, біреуі байланыста болған адамдар арасынан белгілі болды. Сондай-ақ, тағы үш жаңа жағдай Т.Рысқұлов ауданының 1957, 1980, 1992 жылдары туған тұрғындары арасынан тіркелді. Олар бұған дейін ауырған науқаспен жақын байланыста болған. Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді. Ал олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Ағымдағы жылдың 2 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 405 жағдайы тіркелді. Індет жұқтырғандардың 209-ы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар