Алматыда екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөз
Алматыда екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Алматыда бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған", - делінген хабарламада.