Әлеумет
«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру
- author «Ақ жол»
- 26 мамыр, 2020
- 235
«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі. Конкурсқа құжаттар 2020 жылдың 25 мамырынан бастап 15 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады. Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған. (Әдістеме сілтемесі). Конкурс құжаттарын press.ags@mail.ru эл. поштасына жолдаңыз.
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87262438810, 87012902211 тел. нөміріне хабарласуға болады. «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
- Жалпы ережелер
- Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға бағытталуы қажеттігін атап өтті.
- Конкурстың міндеттері:
- Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:
- Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде Өңірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) құрылады, құрамын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиісті облыстық әкімдіктің (бұдан әрі – Әкімдік) келісуі бойынша бекітеді.
- Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) анықтайды.
- Конкурс комиссиясының хатшысы конкурстық комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:
- Конкурстың қатысушылары
- Мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне конкурсқа қатысуға жол беріледі.
- Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсынуды жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті қоғамдық ұйымдар, әкімдердің өздері жүзеге асыруы мүмкін.
- Конкурс Агенттіктің, Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде оны өткізу басталғаны туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.
- Агенттіктің, Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында конкурс туралы хабарландыру (хабарландыру 2020 жылғы 30 мамырдан кешіктірілмей орналастырылады) орналастырылған күннен бастап үш апталық мерзімде бастамашылар және өзін-өзі ұсынушылар Өңірлік комиссияға ауыл әкімдерінің келесі құжаттары мен материалдарын жолдайды:
- Өңірлік комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынылған материалдарды толтырудың дұрыстылығына, осы Әдістемелік ұсынымдармен айқындалған критерийлерге сәйкестігіне және ұсынылған құжаттардың толықтылығына тексеру жүргізеді.
- Үміткерлер:
- Конкурсқа қатысуға үміткерлерді анықтау үшін Өңірлік конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың сауалнамаларын бағалау (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 3 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып) және баллдық жүйе бойынша жобалық жұмыстарын алдын ала бағалау (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 4 қосымшаға сәйкес) арқылы іріктеу рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады.
- Бірінші кезеңдегі іріктеу 2020 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей жүргізіледі.
- Іріктеуден өткен қатысушылар Өңірлік комиссиялардан жеке әңгімелесуден өтеді (2020 жылғы 30 шілдеден кешіктірілмей).
- Өңірлік комиссия әңгімелесу кезінде үміткерлердің сауалнамалық деректерін, эссе тақырыбының ашылуын, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігін, мемлекеттік наградалары мен жариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесінің бар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметін, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау бойынша сауалнаманың, елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнама мен онлайн дауыс берудің қорытындысын назарға алады.
- Өңірлік комиссия жеке әңгімелесу қорытындысы бойынша әр облыстан бір үміткерден 2020 жылғы 30 шілдеден кешіктірмей, екінші кезеңге жіберілген кандидатты анықтайды.
- Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің тізімі Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында жарияланады.
- Үміткерлердің конкурстың бірінші кезеңінде ұсынған құжаттары мен материалдары, сондай-ақ Өңірлік комиссияның шешімі 2020 жылғы 15 тамызда сағат 18.30-дан кешіктірілмей Агенттікке жолданады.
- Республикалық комиссия үміткерлермен 2020 жылғы 20 қыркүйектен кешіктірмей әңгімелесу өткізеді, ол ауылдық округті дамыту, 5 000 000 теңгеден аспайтын бюджеті бар ауылдық елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешу бойынша дербес жобалық жұмысын қорғауды білдіреді.
- Әрбір үміткер бойынша шешім Республикалық комиссия мүшелерінің осы Әдістемелік нұсқаулықтарға № 7 қосымшаға сәйкес бағалау парақтарына қойған баллдарды есептеу арқылы, сондай-ақ іріктеудің бірінші кезеңінің көрсеткіштерін ескере отырып қабылданады.
- Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Республикалық комиссия Конкурстың нәтижесі туралы шешім қабылдап, оның үш жеңімпазын анықтайды.
- Жеңімпаздар «Қазақстан Республикасының үздік ауыл әкімі» дипломымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.
- Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Агенттік жүзеге асырады.
- Конкурстың қорытынды кезеңін өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Агенттік пен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырады.
- Облыстардың әкімдіктері республикалық конкурс жеңімпаздарының жобаларын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен немесе демеушілердің есебінен қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастырады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді