
Елордадағы "Астана-Опера" театрында Х Азиялық нейрохирургтер конгресінің ашылу салтанаты болды. Онда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысушыларға арнаған үндеуін оқып берді.
"Әлемнің көптеген елдерінің мамандары қатысып отырған мерейтойлық форумның тұңғыш рет Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстан Республикасында өтуі қуанышты оқиға. Бұл жаңа қалыптасып келе жатқан отандық нейрохирургияның үлкен жетістіктерге жеткенін көрсетеді. Қазақстандық нейрохирургтердің бірегей тәжірибесі мен ғылыми әзірлемелері әлемдік медициналық қауымдастықтың назарын біздің елімізге аударып отыр", – делінген үндеуде.
Конгресте әлемнің 50 елінен 600-ден астам шетелдік мамандар қатысуда. Конгресс ТМД елдері аумағында Орта Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш Конгресс Азияда ғана емес, Ресей, Еуропа, Африка мен Американың нейрохирургтеріне арналған халықаралық диалогтық алаң болмақ. Шараның ұраны «Теңдессіз ғылым – теңдессіз қала. Еуразияның дәл ортасында кездесеміз!».
13 қыркүйекке дейін жалғасатын конгресс бағдарламасы аясында заманауи неврология мен нейрохирургияның өзекті мәселелері қарастырылады. 240 баяндама тыңдалады, соның 70-і пленарлы оқылым болмақ. Сонымен қатар, 200 шақты таныстырылым мен 7 шеберлік сыныбы ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, Конгресстің ұйымдасыру комитеті тарапынан Азия елдерінің, соның ішінде Корея, Қытай, Малайзия, Индонезия, Иран, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның 50 жас нейрохирургтеріне қолдау көрсетіледі. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасында жас мамандарға шеберлік сыныптары мен курстар өткізілмек. Х Азия нейрохирургтер конгресі аясында III Азия нейрохирургия медбикелерінің конгресі де өтпек.
Ақпарат kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Таразда бір мезетте 100 студент Әнұран шырқады
- 4 маусым, 2025
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді