Дүкендерде әлеумет тік сөрелер ашылды
Ләззат ҚҰРАЛБАЕВА
Ауданда «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шектік бөлшек сауда бағаларын енгізу» бойынша Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы мен Ұлттық экономика министрліктерінің біріккен №23 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 9 тауар түріне шектік баға қойылды. Осыған орай Ақтоған, Жамбыл, Меркі, Сарымолдаев, Ойтал, Рысқұлов, Ақарал, Жаңатоған, Сұрат, Андас батыр, Кеңес, Акермен, Аспара және Тәтті ауылдық округтерінде орналасқан 109 азық-түлік дүкеніне комиссия шығып, мониторинг жүргізілді.
Аудан орталығында орналасқан «Оптовка», «Себет», «Қуаныш» «Әмірлан -1», «Әмірлан-2» және «Маратбек» сауда орталықтары жоғарыдағы шектік мәнге сәйкестендірілген. Ал шалғай орналасқан ауылдардағы шағын дүкендердің азық-түлік бағалары көтерілгені байқалды. Ондағылар аудандағы көтерме дүкендерден аз көлемде қажетті тауарын сатып алып, оған 10-15 процент үстемесін қосып өткеріп отырғаны анықталды.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мен аудандық прокуратураның өкілдері аудандағы мал етін саудалайтын 15 дүкенге де мониторинг жүргізген болатын. Олар сатушыларға шекті бағаны ұстап тұру туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Мұндағы баға тұрақты. Атап айтсақ, сиыр етінің қабырға мен төс еттерінің әр килограмы 1774 теңгеден өткерілуде.
Жалпы, аудандағы бағаны тұрақтандыру үшін облыстық тұрақтандыру қорынан әлеуметтік азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында «Қуаныш» сауда орталығына 3 тонна күріш, макарон мен тұз жеткізілген. Күріштің 1 килограмы аудан дүкендерінде – 235, макарон – 205 және тұз 35 теңгеден өткерілуде. Қазіргі таңда аудандағы 45 дүкенде «әлеуметтік сөре» ашылған. Ол сөрелерде Үкімет бекіткен шектік мәнге сәйкес азық-түлік тауарлары саудалануда.
Сондай-ақ жақында облыстық тұрақтандыру қорынан 50 тонна құмшекер алынып ауданымыздағы «Оптовка», «Қуаныш» азық-түлік дүкендеріне өткізілген болатын. Оның бір килограмы 195 теңгеден өткерілуде. Кеше тағы да 20 тонна қант әкелініп, дүкендерге таратылып берілді.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді