UFC басшысы Тони Фергюсонға үзіліс алуға кеңес берді

UFC басшысы Тони Фергюсонға үзіліс алуға кеңес берді
ашық дереккөз
UFC басшысы Тони Фергюсонға үзіліс алуға кеңес берді
UFC президенті Дана Уайт америкалық Тони Фергюсонның карьерасына үзіліс жасаған дұрыс деп санайды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске салайық, АҚШ-та өткен UFC 249 турниріндегі Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегі бесінші раундта аяқталған. Жекпе-жек кезінде Гэтжи 143 соққы жасады, оның 100-і қарсыласының басына тиген. Жекпе-жектен кейін Фергюсон ауруханаға түскен - бұл оның соңғы сегіз жылдағы алғашқы жеңілісі болып, 12 жеңіске созылған сериясына нүкте қойылған еді.
"Джастин Гэтжимен жекпе-жектен кейін Фергюсонның үзіліс алғанын қалаймын", - деді Уайт. Бұған дейін Уайт Гэтжи мен жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтетінін мәлімдеген болатын.

Ұқсас жаңалықтар