Бірінші жартыжылдықта Қазақстан мен Иран тауар айналымы 509,7 млн. долларды құрады
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2014
- 750
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 509,7 млн. долларды құрап, былтырғыға қарағанда 1,9 есеге артты.
Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Иран бизнес-форумы барысында мәлім болды. Еске сала кетейік, бизнес-форум Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидың елімізге мемлекеттік сапары аясында өтуде.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына Иранның «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі аясындағы көліктік-транзиттік әлеуетті пайдалану, қазақстандық тауарлардың әлемдік нарыққа тасымал жолдарын жетілдіру және әртараптандыру өз септігін тигізбек. Ал Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Гөрган теміржол желісі жоғарыда аталған «Солтүстік-Оңтүстік» жаңа теміржол бағытының бөлігі болып табылады және үш мемлекеттің аумағын басып өтеді.
Тоқтала кететін жайт, екі елдің Мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі кездесу барысында тауар айналымын бес есеге дейін арттыру ниеттерін нақтылаған. Ал жаңа теміржол желісі мен көліктік-транзиттік ынтымақтастық мұндай ниетттің мүмкіндігін растай түспек.
Ақпарат көзі http://kazinform.kz/
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




