Егінші мәрт – жер жомарт
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Биылғы көктемгі дала жұмыстары карантиндік жағдайда өтуде. Мемлекет басшысы да төтенше жағдай кезінде диқан қауымына көктемгі дала жұмыстарын тоқтатпауды тапсырған болатын. Үкіметке шаруа қожалықтарын арзандатылған жанар-жағармаймен қамтуды да міндеттегенін жақсы білеміз. Осының барлығы шаруаларға үлкен көмек болғандай. Әрі десе блок-бекеттерден ауыл шаруашылығы техникаларының еркін қозғалысына барынша жағдай жасалды.
«Көктемнің әр күні – жылға азық» деген қағидамен жұмыс істеп келе жатқан өңір шаруашылықтары жаздық масақты дәнді дақылдарды себу жұмыстарын толық аяқтап отыр. Бүгінде облыс бойынша 215,4 мың гектарға дән себілген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 27 мың гектарға артық. Бұдан бөлек, көпжылдық шөп – 31,4 мың, көкөніс – 31,7 мың, дәндік жүгері – 18,5 мың, бақша дақылдары – 13,8 мың, картоп – 8,8 мың, бір жылдық шөп 33,7 мың гектар алқапқа егілген.
Жалпы, биыл өңірімізде ауыл шаруашылығы дақылдарын 710 мың гектар алқапқа орналастыру жоспарланған. Атап айтсақ, дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды – 367, майлы дақылдарды – 64,2 мың, қант қызылшасын – 5,5 мың, картопты – 10,5 мың, көкөніс-бақша дақылдарын – 51,5 мың, мал азығы дақылдарын 211,3 мың гектар алқапқа орналастыру межеленген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 22,9 мың гектарға артық.
Ал өткен күзде облыс диқандары 137,4 мың гектар алқапқа күздік бидай тұқымын сепкен болатын. Оның 136,3 мың гектарына бидай, 1,1 мың гектарына күздік арпа орналастырылған еді. Бүгінде бұл алқаптарға себілген дән жайқалып өсіп келеді. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Жанұзақовтың айтуынша, өңірдегі қожалықтар қажетті тұқыммен, минералды тыңайтқыштармен де қамтылып отыр. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына 8 419 ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда. Оның 4 536-ын трактор құрайды. Қазір Үкімет тарапынан облысқа бөлінген 18,3 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне таратылыпты.
– Қазіргі таңда майлы дақылдар 53,1 мың гектар алқапқа себіліп, бұл бойынша жоспар 82,9 процентке орындалып отыр. Бұдан бөлек, 4,2 мың гектарға (жоспар – 5,4 мың гектар) қант қызылшасы тұқымы себіліп, жоспар 77,8 процентке орындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жекелеген аудандарда әлі де жалғасын табуда, – деді облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Тынысбекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді