Экономика
«Қарахан» және «Тектұрмас» этнотарихи кешендері көркейе береді
- author «Ақ жол»
- 13 мамыр, 2020
- 562
«Қарахан» және «Тектұрмас» этнотарихи кешендері көркейе береді
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, «Қарахан» және «Тектұрмас» этнотарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған жоспарлы жұмыстардың барысымен танысты.
Қазіргі таңда бұл нысандар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін де, тағзым етушілер үшін де тартымды орын саналады. Алдағы уақытта тиісті инфрақұрылым тартылып, қайта жаңғырту шаралары атқарылғаннан соң олар «Айша бибі» кесенесі мен «Көне Тараз» кешенімен қатар туризмді дамытудың локомотивіне айналады деп күтілуде.
«Қарахан» кешенінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Онда экспозиция залы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Қарахан» және «Көне Тараз» кешендерін қосатын жаяу жүргіншілер аймағын қамтитын сквер салу жобасы іске асырылуда. Қала әкімдігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін бес жеке үйді сатып алу мәселесін қарастыруда.
Аймақ басшысы көгалдар мен гүлзарларды сүріп, Байзақ батыр көшесі жағынан Қарахан кесенесінің панорамалық көрінісін ашуды, ол жақтан да жеке кіреберіс салуды ұсынды.
«Тектұрмас» этнотарихи кешені өткен жылы қайта жанданып, онда Әулиеатаға алып ескерткіш қойылып, басқа да сәулет элементтері орнатылды. Алайда жобаны толық аяқтау үшін ол жерге көпестердің дүкендері бар ортағасырлық бекініс тұрғызып, сарқырама, жағалауды жайластыру, кешен мен кесененің арасына жаяу жүргіншілер аллеясын салу, Аңырақай және Атлах шайқастары бейнеленген барельефті қабырға орнату жұмыстары жүргізілуі керек. Ал аспалы жол салу мәселесі кешен толығымен аяқталғаннан соң қаралмақ.
– Тектұрмастағы жұмыстарды екі кезеңге бөлу керек, алдымен абаттандыру жұмыстарын аяқтап, содан кейін бекіністің құрылысын бастаған дұрыс.
«Қарахан» және «Тектұрмас» кешендеріне туристік бағыттарды ұйымдастыру, гидтер мен экскурсоводтарды оқыту қажет. Туризм басқармасы туризмді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуі қажет. Жамбыл өңірін барша еліміз бен шетелге барынша жарнамалап, марқая көрсетуге тұрарлық тарихи нысандарға бай, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




