Төрт ай ішінде сауда саласы айтарлықтай құлдырады - Сұлтанов

Төрт ай ішінде сауда саласы айтарлықтай құлдырады - Сұлтанов
ашық дереккөз
Төрт ай ішінде сауда саласы айтарлықтай құлдырады - Сұлтанов
Аймақтағы сауданың құлдырауына Қытаймен шекараның жабылуы қатты әсер еткен 2020 жылдың соңғы төрт айында Қазақстанда ішкі сауда көрсеткіштері едәуір төмендеген. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, сауданың нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,9%-ға құлдыраған.
«Сауда саласының қатты құлдырауы сәуір айында, яғни, бүкіл ел аумағында карантиндік шаралар енгізілген кезде байқалды. Жалпы алғанда, сәуірдегі сауда көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,8%-ға, оның ішінде бөлшек сауда 44,7%-ға, көтерме сауда 27,8%-ға төмендеді», - деді министр Үкімет отырысында.
Бұған коронавирус пандемиясына байланысты ірі сауда орталықтарының уақытша жабылуы да барынша әсер еткен.
«Республикалық ішкі сауда құрылымында тек Алматы қаласының үлесі 40 пайызды құрайды. Карантиндік режим, қазақ-қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде «Қорғас» ШЫХО-дағы сауда қатынасының тоқтауынан қаңтар-сәуір аралығындағы көрсеткіш күрт төмендеді. Одан бөлек, теңгенің құнсыздануы импорттық тауарлардың сұранысын төмендетті», - деп түсіндірді жағдайды министр.
Министрлік саланы дағдарыстан шығаруға сауда үйлерін қайта ашу жеткіліксіз екенін мойындайды. Сондықтан, қиындықтан шығудың басқа да жолдарын қарастырып, көтерме тарату орталықтарын салуды жылдамдатпақ. Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
 

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар