Бүгін Президент меморгандардың төтенше жағдайдан кейінгі іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды

Бүгін Президент меморгандардың төтенше жағдайдан кейінгі іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды
ашық дереккөз
Бүгін Президент меморгандардың төтенше жағдайдан кейінгі іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды
Бүгін Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. - 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр, - деп жазды Берік Уәли.  

egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар