Үндістандық шеберлер Тәж Махал кесенесінің макетін жасап шығарды
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2014
- 981
Мадхья-Прадеш штатының шеберлері дайындаған кесенеге бас-аяғы 400 келі ақ металл және 10 келі сары металл жұмсалған. 19 млн АҚШ доллары жұмсалған кесенені 35 шебер бірігіп жасаған. Жобаны іске асыруға бастама көтерген үнділік кәсіпкер Саед Ханиф 17-18 ғасырда салынған Тәж Махалды жанындай сүйетіндердің бірі. «Біз кесенені толығымен қолдан жасап шықтық, осы себепті біздің жоба Гиннес рекордтар кітабына енуі тиіс. Біз Тәж Махалды 30 мың бөлшектен құрастырдық, әрбір мұнара да ондағы жазулар да шынайы кесенедегіден айнытпай жасалды. Тіпті есіктердің санына дейін кемітпей, барынша ұқсатып жасадық. Бұл үшін 8 бриллиант пайдаландық», - дейді кәсіпкер. Жобаға қатысқан мамандардың ешбірінің арнайы білімі жоқ. Соған қарамастан, кесене шынайы нұсқасынан айнытпай жасалған. Бұған себеп – шеберлердің ұлттың мақтанышы болған Тәж Махалды қатты құрметтеуі және оған деген шынайы махаббаты екен. 17-18 ғасырда салынған кесене Үндістанның Агра қаласында Джамна өзені бойында орналасқан. Оны Темірланның ұрпағы – моғолдар патшасы Жаһан шах әйелі Мумтаз-Махалға естелік ретінде салдырған. Кейіннен Жаһан шахтың өзі де осы кесенеде жерленген.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




