Исекешев Шахановқа барлық жиындарды тек қазақ тілінде өткізуге уәде берді
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2014
- 746
Ақын Мұхтар Шаханов жиналысты орыс тілінде өткізген Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке ескерту жасады. Жиын кезінде сөз алған белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов микрофонға “Исекешев мырза, сізге сұрағым бар. Осында қатысып отырғандардың бәріне бүгінгі алқа мәжілісінің жұмыс жоспары таратылып берілді. Жоспар түгелдей орыс тілінде жазылған. Мемлекеттік тілде бір ауыз сөз жоқ. Тым құрыса, бүгінгі жиындағы бір баяндама мемлекеттік тілде болмады. Төралқада отырғандар да жиынға қатысушылар да қазақ азаматтары. Бұл мемлекеттік тілді менсінбеу емес пе? Енді мына мәселеге назар аударалық. Республикамыздағы телеарна бағдарламаларындағы мемлекеттік тіл 50 пайыздан кем болмауы керек. Бірақ кейбір телеарналардағы мемлекеттік тілде хабар тарату 25, 20 тіпті 15 пайызға дейін құлдыраған. Төрт министрліктің басын қосқан, өзіңіз басқаратын жаңа министрлік алдағы кезде де мемлекеттік тілді мойындамай ма, немесе елдік, ұлттық мүдде биігінен көрінуге қам жасауы мүмкін бе?”, - деп сауалын жолдады. Бұл сұраққа Исекешев: “Сұрағыңыз да, талабыңыз да өте орынды. Бұдан былай министрліктегі барлық жиындар тек мемлекеттік тілде өтетін болады!”, - деп жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар
200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына қосылады
- 11 наурыз, 2026
Жамбыл мен Түркістан облыстарын жалғайтын күре жол жабық
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




