Жамбыл облысында коронавирустың жаңа жағдайы анықталды

Жамбыл облысында коронавирустың жаңа жағдайы анықталды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында коронавирустың жаңа жағдайы анықталды
3 сәуір күні аймақта жаңа COVID-2019 оқиғасы тіркелді. Науқас Тараз қаласының 1985 жылы туған тұрғыны. Ол бұрын анықталған науқаспен байланыста болған тұлға ретінде тексерілген. Жақын байланыста болған алты адам анықталып, провизорлық стационарға орналастырылды. Зертханалық тексеру үшін талдау алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, ағымдағы жылдың 3 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 149 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 70, Байзақ ауданында – 9, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында - 37, Меркі ауданында - 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1. Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушылары ішінен 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталды. Барлық ауырған адамдардың 48-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

zhambyl.gov.kz

 

Ұқсас жаңалықтар