- Advertisement -

«Қордай» бекетін кеңейту қажет — Бейбіт Атамқұлов

24

- Advertisement -


«Қордай» бекетін кеңейту қажет - Бейбіт Атамқұлов

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Жамбыл облысы Қордай ауданында болды

Министр алдымен «Қордай» және «Қарасу» кеден бекеттерінің жұмысымен танысты. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков пен Қордай ауданының әкімі Р. Дәулет бекеттердің жай-күйін, ондағы жұмыстар туралы жан-жақты хабарлады.

Б. Атамқұлов алдымен «Қарасу» кеден бекетінде болды. Мұнда шекарашылар келушілерге пункттің қазіргі әлеуеті мен жұмысы жайында мәлімет берді. Бұл ретте аудан әкімі Р. Дәулет «Қордай» өткізу бекетінің күрделі жөндеуге жабылуына байланысты бұл бекетке айтарлықтай күш түскенін ескеріп, аудан әкімдігі тарапынан бірқатар жағдайдың жасалғанын айтты. Сонымен қатар адамдарды өзге пункттерге тасымалдау мақсатында арнайы көліктер ұйымдастырылғанын да мәлімдеді.
Министр алдағы уақытта «Қарасу» кеден бекетін кеңейту жұмыстары бойынша шекарашылардың ұсыныстарына құлақ түріп, оның маңыздылығына тоқталды.

«Бұл бекет екі ел арасында адамдар мен көлік құралдары көп өтетін пунктердің бірі болғандықтан, халық үшін барлық жағдайлар жасалу қажет, интернет желісінен бастап, электрондық өткізу құрылғылары, бейнебақылау жүйесі, медициналық пункт, тіпті қажет болған жағдайда шекарашыларға жатақхана салу мәселесі де құрылыс жоспарына енгізілуі керек», -деп тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді.
Бұдан соң ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталған «Қордай» өткізу пунктінің құрылыс барысымен танысты. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан нысанның жағдайын бас мердігер баяндады. Министр жаңғырту жұмыстары сапалы әрі келісілген мерзім ішінде аяқталу қажеттігін баса айтты.

Айта кету керек, «Қордай» өткізу-бақылау бекеті Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасында халық пен көлік ағыны ең көп шекаралық пункт болып саналады. Тәулігіне бірнеше мың адам мен автокөліктер өтетін аймақта жаз айларында жол жүруші азаматтар тіпті көбейе түседі. Сондықтан осындай жағдайларды ескеріп, ауа жылыту және салқындату жүйелерін міндетті түрде назарға алу керек», -деп атап өтті министр.

kazinform.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support