ізет тілікке, кішіпейілділікке негізделген

ізет тілікке,  кішіпейілділікке негізделген
ашық дереккөз
ізет тілікке, кішіпейілділікке негізделген

1 мамыр – үлкен мен кішінің бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыру, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеуге негізделген мереке. Наурыз айында біз Алғыс айту күнін де атап өткен болатынбыз. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін – 1 наурызды, барлық ұлтты өзіндей қабылдаған, депортация кезінде жанашырлық білдірген қазақ халқына алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», деген болатын. Сол үшін күллі қазақ еліне алғыс айта отырып, ризашылығымызды білдірдік. Ал енді елімізді мекендеген көптеген отандасымыздың татулығы мен бірлігі күні саналатын 1 мамыр – сол айтулы күннің әдемі жалғасы іспетті. Бұл күн ең алдымен, Отанымыздың тыныштық пен тұрақтылықтың, үндестіктің, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл мереке – тағдырдың тезінен Атамекенінен аулаққа кетіп, түрлі этностардың сан мыңдаған өкілдерінің құтты қонысына, жайлы мекеніне айналған тоғыз жолдың торабы, Азияның жүрегі іспеттес қасиетті қазақ жері, ортақ Отанымыз Қазақстанды мекендеген ұлттардың татулығын паш ететін күн! Ең бастысы – халқымыздың ынтымағын, берекесін мәңгілікке біріктіруге негізделген «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – елімізді тұрақты мекендеген ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына шоғырландырған Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын!

Мухаббат Миражапова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы.

Ұқсас жаңалықтар