Көкте әркез желбіресін байрағың!

Көкте әркез  желбіресін байрағың!
ашық дереккөз
Көкте әркез желбіресін байрағың!

Көз тастасақ мынау шексіз ғаламға, Құндылық көп керек саған, маған да. Ең қажеті – бейбітшілік қоғамға, Достық екен ең керегі адамға!

Мәнін білмей дүниеде тірліктің, Өткен, өтер әлі талай сырғып күн. Татулықты ту қып ұстап әрқашан, Құнын біліп жүрейікші, бірліктің!

Тек достықты биік қойған жан едім, Сол достықтан іздеп жүрмін жан емін. Ынтымағы жарасқан соң ендігі, Көркейеді менің ғажап әлі елім!

Қазақстан – менің жалғыз айбарым, Сен дегенде сертімнен еш таймадым. Достық пенен татулықтың Отаны, Көкте әркез желбіресін байрағың!

Карина Ефимова, М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың 1-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар