- Advertisement -

Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары

86

- Advertisement -

Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз. Бұл осы жылдар бойына Мемлекет басшысы ретінде мен жүргізіп келген, жүргізіп отырған және жүргізе беретін саясат. Тұрақтылық пен келісім – әрбір әкімнің, әрбір басшының, әрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы!
Ассамблея әр кезде де уақытпен бірге қадам жасауда. Оның қолдауы біздің Тәуелсіздік тарихының барлық тағдыршешті сатыларында шешуші болып келді. Мен бірлік пен топтасқандықтың қоғамның ең басты құндылықтары екенін қайталаудан ешқашан жалықпаймын. Соның арқасында біз экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын нығайттық, елдің болашағын көрсеттік. Біз 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындалуына қол жеткіздік.
Бүгінде біздің бірлігіміз – ол жаңа 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың шешуші факторы. Ең дамыған мемлекеттердің 30-на ену – ол біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ортақ тағдыры. Стратегияда біздің ұлы көпэтносты халқымыздың даналығы көрініс тапқан. Ол біздің бітімнің, рухани келісімнің айрықша мәдениетінің жоғары қағидаттарынан арқаулық табады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті-Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Бүгін – ерекше күн, татулық күні. Еліміз осы мерекені жақсы көреді, жоғары бағалайды.
Ұлт пен ұлыстың ынтымағын дәріптейтін бұл мерекенің қадір-қасиетін жақсы білеміз. Тарихтың сан қилы сын сағаттарында қазақ жерін паналап келген көптеген ұлт өкілдері бүгінде бір үйдің баласындай туыс-бауыр болды.
Заманның тауқыметіне қарамастан, біздің халқымыз солардың бәрін бауырына тартып, барымен бөлісті. Егемендік алған жылдары, көп этносты, көп конфессиялы еліміздің келешегі туралы түрлі теріс болжамдар айтылды. Бұл – белгілі. Алайда, Елбасымыздың арқасында Қазақстан бүгінде түрлі этнос өкілдерінің киелі шаңырағына айналды, абыройлы, беделді мемлекет болды.
Ортақ Отанымыздағы бейбітшілік пен келісім ел дамуының берік негізіне айналды. «Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деп ұлы Абай айтқандай, біз еліміздің жеңісті әрі жемісті күндеріне ынтымағымыз арқылы жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support