Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы

Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы
ашық дереккөз
Коронавирус бойынша Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай туралы
Ағымдағы жылдың 2 мамырында Жамбыл облысында коронавирустың үш жаңа дерегі тіркелді. Барлық үш азамат - 1951, 1966 және 1968 жылы туған Тараз қаласының тұрғындары. Бұған дейін инфекция анықталған науқастың туысы болып табылады. Олар жақын байланыста болған тұлға ретінде карантинге оқшауланған. Алынған зертханалық талдаулар оң нәтиже көрсеткен соң науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды. Ағымдағы жылдың 2 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 143 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында - 67, Байзақ ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында - 36, Меркі ауданында - 3, Шу қаласында – 2, Мойынқұм ауданында – 1. Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсінен 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталды. Барлық инфекция жұқтырғандардың 47-сі емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

zhambyl.gov.kz

Ұқсас жаңалықтар