Жедел штабқа 10 мыңнан астам өтініш түсті

Жедел штабқа 10 мыңнан астам өтініш түсті
ашық дереккөз
Жедел штабқа 10 мыңнан астам өтініш түсті

Облыста «Jardem 109» бірыңғай байланыс орталығы базасында коронавирусқа қарсы әрекет ету бойынша өңірлік жедел штаб құрылды. Оның құрамына облыс әкімдігінің, салалық басқармалардың, төтенше жағдайлар мен полиция департаменттерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ акционерлік қоғамы мен басқа да қызметтердің өкілдері енген. Штаб жұмысы әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары, жеке тұлғалардың қозғалысы, көлік пен тауарлар, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және тағы басқа мәселелерді қоса алғанда, өңірдің тіршілік әрекетінің негізгі жеті бағытын қамтиды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. 109 нөмірі бойынша тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар, төтенше жағдай және карантиндік режімнің енгізілуіне байланысты әлеуметтік төлемдер, көлік қозғалысы және басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады. Жедел штабтың байланыс орталығына 23 наурыздан бері 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Сондай-ақ жедел штаб қызметкерлері бейнебақылау камераларымен жабдықталған 44 блок-бекеттің жұмысын онлайн режімінде бақылап отыр. Жаңа байланыс-орталығының артықшылығы – бүгінгі таңда онда оператордан басқа келіп түскен кез келген өтінішке тиісті деңгейде жауап бере алатын салалық мамандар бар. Атап айтсақ, жедел штабтың көмегімен Ресейге табыс табу үшін барған Тараздың екі тұрғыны туған қаласына сәтті оралды. Ол жақтан жұмыс таппаған отандастарымыз амалын тауып Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка ауылына жетіп алған. Сол ауылдағы жергілікті әкімдіктен Жамбыл облысының жедел штабына хабарласып, жедел әрекеттің арқасында үйлеріне оралып отыр. Естеріңізге сала кетейік, қоңыраулар 109 қысқа нөміріне, сондай-ақ, 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67, 43-04-44, 43-08-65 телефондары арқылы қабылданады. «WhatsApp» жедел хабарласушыларына – 87788109109. Telegram каналы – ТаразJardem109_Bot; Instagram; Facebook әлеуметтік желілері Қосымша ақпарат алу үшін Taraz@ikomek.center электрондық поштасына хабарласуға болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар