Елбасы Эрик Гукасовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Эрик Гукасовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөз
Елбасы Эрик Гукасовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Эрик Христофорұлы Гукасовтың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Эрик Христофорұлы мағыналы ғұмыр кешіп, прорабтан Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлығына дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарды. Ол республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты, жоғары мемлекеттік наградалармен және атақтармен марапатталды. Эрик Христофорұлы жоғары кәсіби біліктілігімен, өз ісіне деген адалдығымен, адами қасиеттерімен және берік өмірлік ұстанымдарымен ерекшеленді», - делінген жеделхатта.

egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар