- Advertisement -

Жамбыл облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

37

- Advertisement -

Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселе қаралды.

Бүгінгі таңда облыста коронавирустың 106 жағдайы тіркелген, 43-і емделіп шықты. Негізгі міндет – науқастардың санын көбейтіп алмас үшін қатаң бақылауды босаңсытпау.

Басқосуда облыстық жедел штабтың төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен медицина және полиция қызметкерлері өтуі тиіс «COVID-19» бойынша тесттердің санын арттыруға назар аудартты.
261 мыңнан астам жамбылдықтар жалпы сомасы 11,5 млрд. болатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізген. Ал, 77 мың адам 440 миллион теңгеге азық-түлік жиынтығын алды.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында жалпы 834 млн. Теңге жиналып, 1734-тен астам адам қамтылды. 2 мың дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне 210 млн. теңгеге үстемақы мен сыйақылар төленді.

— Жұмысын бастайтын шағын және орта кәсіпорындардың тізімін жасау керек. Оларға жұмысын қайта бастау үшін рұқсат тек қауіпсіздік техникасы мен санитарлық талаптарды сақтай алатындығын дәлелдей алғанда ғана беріледі. Олардың сақталуын бақылау аудан әкімдеріне жүктеледі, — деді аймақ басшысы.

Күніне кемінде екі рет дезинфекциялау және қорғаныс костюмдері мен бетперделерінің болуы басты назарға алынбақ.

Ұсынылған шағын және орта кәсіпорындар тізімнен шаштараздар мен сұлулық салондарын алып тастау туралы шешім қабылданды. Онда адамдардың жиі байланыста болуы мүмкін және санитарлық талаптардың орындалуы қиын. Алайда, қызмет көрсету станциялары, автожуу, азық-түлік емес дүкендер және басқа да объектілер өз жұмысын бастайды. Ал, мейрамханалар мен кафелер әлі де жеткізіп беру режимінде қызмет ете береді.

Жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың біреуі қамқорсыз қалмас үшін белсенді демеушілерді тартуды жалғастыру беру қажет.

— Үйлестіру кеңсесіндегі және әлеуметтік бағдарламалардағы барлық тізімдерді тексеріңіздер. Көмекке мұқтаж кез келген адам көмек алуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік телемдерді екінші қайтара төлеу шараларын, коммуналдық шығындарды өтеу үшін 15 мың теңгені рәсімдеуді ұтымды ұйымдастыра білу қажет.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мен оларға теңестірілгендер тиісті төлемдерді қол жеткізеді. Облыстағы соғысқа қатысқан 57 ардагерге 1 миллион теңгеден беріледі, оларды қала және аудан әкімдері арнайы жеке құттықтайтын болады.

Тиісті орындар әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар таратып, қоғамда дүрлікпе туғызатын тұлғаларды анықтау жөніндегі жұмысты жандандыруы түсуі маңызды.

— Мемлекет басшысы айтқандай, 11 мамырға дейін ел экономикасын қалпына келтірудің кешенді жоспары түзіледі. Осы орайда Жамбыл облысы да 7 мамырға дейін өз нұсқасын әзірлеп, үкіметке ұсынуы керек.

Шектеу шараларын енгізу аймақтық экономикаға қай деңгейде әсер ететіні, қандай шаралар көп зардап шегеді, қай жерлерде табыстың төмендеуі, жұмыссыздық деңгейі артатыны туралы болжам жасау қажет. Бастапқы болжамдарға сәйкес, бұл сауда, кәсіпкерлік, мәдениет, өнер және спорт салалары. Осыған орай, 30 сәуірге дейін аумақтық жұмыспен қамту жол картасын әзірлеу қажет.

Негізгі мақсат – кемінде 26 мың, оның ішінде 11 мың тұрақты жұмыс орнын құру, жұмыс орындарының жаппай босауына жол бермеу.

Ең бастысы — тәртіпті сақтау, әр адамның өз тағдыры үшін ғана емес, сонымен бірге жақын және айналасындағы адамдардың тағдыры үшін де жауапкершілікті сезінуі тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев жедел штаб отырысын қорытындылай келе.

zhambyl.gov.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support